Абай әлемі – қазақ әлемі » Средняя общеобразовательная школа №20
Коммунальное
государственое учреждение
"Средняя общеобразовательная школа №20"
отдела образования города Семей
Приемная :
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерияі:
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » Абай әлемі – қазақ әлемі
03
декабрь
2018

Абай әлемі – қазақ әлемі

Абай әлемі – қазақ әлемі

2018 жылдың 29 қарашасы күні «№20 ЖОББДОМ» КММ –де «Абай әлеміне саяхат» тақырыбындағы клубтың ашылу рәсіміне арналған мерекелік шара өтті.
«Абай әлеміне саяхат» клубының мақсат-міндеті : ел ертеңі өскелең ұрпақты ұлы Абай шығармалары арқылы саналы да сапалы етіп тәрбиелеу, жастардың әлем мен жарытылысқа, қоғам мен жеке адамдарға деген көзқарасын, түсінігін, санасын Абай әлеміне саяхат жасау кезінде Абай ойлары арқылы қалыптастыру.
Іс-шараның шымылдығын мектеп басшысы - Р.Б.Рахимова ашып берді. Мектеп басшысы оқушыларға Абайдың қара сөздерінен мысал келтіріп, клуб жұмысына сәттілік тіледі.
Клубтың ашылу салтанатына Абай мұражайының қызметкері – Боранбаев Н., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар қатысты.
Шара барысында Абай мұражайы жылжымалы көрме ұсынса, мектептің кітапхана меңгерушісі Л.В.Тюрина, мектеп ұжымы «Абай әлемі» бұрышын ұйымдастырды.
Абай өлеңдері мен қарасөздерін үш тілде жатқа айтқан мектеп оқушылары көрермен қауымды тәнті етті.


Абай әлемі – қазақ әлемі

Абай әлемі – қазақ әлемі

 


Похожие публикации:

09 сентябрь 2018 «Дорога в школу»
09 сентябрь 2018 Первый звонок.
Информация
Комментировать статьи на сайте возможно только в течении {days} дней со дня публикации.