Мектептің динамикалық бақылау тобындағы балалармен жұмысы
Ағымдағы жылдың 30 наурызында ШҚО білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 20 дамыта оқыту жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Мектептің динамикалық бақылау тобындағы балалармен жұмысы» тақырыбындағы педагогикалық кеңесі өтті.
Күн тәртібі бойынша келесі сұрақтар талқыланды:
1. Математика мен тарихты оқытудағы өзгерістер (мұғалімдердің республикалық съездерінің шешімдері).
2. Ұстаздардың құзіреттілігі – оқушылардың білім сапасын көтерудің басты факторы.
3. Білім алушыларды бағалау мен аттестациялаудың нормативтік құжаттары. 9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттаудан босату.
4. «Динамикалық бақылау – баланың әлеуметтік белсенділігіне байланысты мәселелерді шешу құралы ретінде» жобасы.
5. Әлеуметтік осал отбасылар тобынан шыққан балалармен жұмыс істеу алгоритмі (топтық жұмыс).
Сынып жетекшілер және пән мұғалімдері әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалармен әртүрлі жағдайда жұмыс жүргізу алгоритмін әзірледі.
Аталған алгоритмдерді сынып жетекшілеріне келесі оқу жылынан бастап, өз тәрбие жұмысында қолдану ұсынылды.
