09
сентябрь
2020
«Мектепке жол» акциясы
2020 жылдың 1 шілдесінде басталған «Мектепке жол» ауқымды республикалық акциясының аясында, Halyk Bank акционерлік қоғам бірлестігінің көмегімен «№20 ЖОББДОМ» КММ оқушылары Білім күнін мектеп жинағы бар сөмкелермен және оқу құралдарымен қарсы алды.
Халық банк акционерлік қоғам бірлестігі 2 оқушыны мектепке қажетті құрал-жабдықтармен және 3 оқушыны бір айлық шексіз интернет желісімен қамтамасыз етті. Бұл Halyk Bank акционерлік қоғамының бірнеше жыл бойындағы біздің ұжыммен тығыз байланысының жемісі. Ата-аналар мен балалар үшін оқу жылының басы қуанышқа толы болды. Halyk Bank ұжымы ата-аналар мен оқушыларға игі бастама өз жалғасын табатындығын жеткізді.