12
ноябрь
2020
Кибербуллинг және Интернетке тәуелділік
12.11.2020 жылы «№20 ЖОББДОМ» КММ қашықтық форматында «Кибербуллинг және Интернетке тәуелділік» тақырыбында 8-9 сыныптардың сыныптан тыс іс-шарасы өтті.Информатика мұғалімдері оқушылармен Интернеттегі қудалау түрлері туралы әңгімелесті, балаларды әлеуметтік желіде оларды күтіп тұрған қауіптермен таныстырды. Сонымен қатар, желідегі құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары, виртуалды кеңістіктегі байланыс ережелері талқыланды.
Қорытындылай келе, балалар кибербуллинг туралы деректі фильмдерді көріп, интерактивті тапсырмаларды орындады.