Зайырлылық және дінтану мәселелері бойынша кездесу » Средняя общеобразовательная школа №20
Коммунальное
государственое учреждение
"Средняя общеобразовательная школа №20"
отдела образования города Семей
Приемная :
+7(722-2) 32-85-70
Бухгалтерияі:
+7(722-2) 32-96-92
Версия для
слабовидящих
» » Зайырлылық және дінтану мәселелері бойынша кездесу
23
апрель
2022

Зайырлылық және дінтану мәселелері бойынша кездесу

ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің "№20ДОЖОББМ" КММ 21.04.2022 жылы 9-сынып оқушыларының дін мәселелерін зерттеу орталығының өкілдерімен кездесуі өтті. "Зайырлылық және дінтану негіздері" пәнінің оқытушысы Хакимова Альмира Курбангалиевна, психолог-маман Калимбекова Мадира Кадырбаевна және теолог-маман Турсынгалиев Қанат Мұратбекұлы мектеп оқушыларымен өздерін және жақындарын деструктивті ұйымдар мен секталарға тартылу қаупінен қалай сақтау туралы маңызды әңгіме жүргізді. Балалар талқылау барысында деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адамның физикалық және психикалық денсаулығына қауіп төндіреді деген қорытындыға келді. Олардың жақтаушылары Қазақстанда тұратын барлық этностардың ұлттық құндылықтарын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жоққа шығарады. Ал жалған діни секталар адамның отбасын алмастыруды, дәстүрлі құндылықтарды алмастыруды талап етеді. Сайып келгенде, адамдардың тағдыры бұзылады, олардың психикалық және физикалық денсаулығына ауыр зиян келеді, отбасылық байланыстар бұзылады.
Кездесу соңында мамандар оқушыларға өздерін қорғауға және 114 немесе 8 (800)-0805-114 (Ұялы телефоннан) нөміріне хабарласуға кеңес берді.
114 жедел желісі-Дін мәселелері бойынша көмекке мұқтаж барлық адамдар үшін тегін сенім телефоны және чат-сайт.
Қандай жағдайларда хабарласу керек?
Егер Сізге ақпараттық және консультациялық көмек қажет болса;
Егер сіз деструктивті діни ағымдардың ықпалына түссеңіз; 
Егер Сізге діни мәселелерге байланысты психологиялық және заңгерлік көмек қажет болса хабарлассаңыз болады. 

Информация
Комментировать статьи на сайте возможно только в течении {days} дней со дня публикации.