01
октябрь
2022
"Тіл - ұлы байлық" атты тілдер апталығы

22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай ұйымдастырылған “Тіл-ұлы байлық” апталығының ашылу салтанаты өтті. Оқушылардың тілге деген құрметін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, тілдер мерекесі туралы мәлімет беру мақсатында бастауыш сынып оқушылары арасында флешмоб ұйымдастырылды. Алдымен тілдер мерекесінің шығу тарихы айтылып, оқушылардың осы мереке жайлы не білетіндіктері туралы сұралды. Оқушылар әндерді тыңдап, қай халықтың әні екенін тапты. Тапқан оқушы өзіне ұнаған шарды таңдап, сол шарға ілінген тіл туралы мақал-мәтелді барлық оқушыларға оқып берді. Аталмыш іс-шара өз мақсатына жетті. Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың тілінде ән шырқалып, би де биленді. Тілдер мерекесінің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтіп, оқушыларға тамаша көңіл-күй сыйлады.22 сентября состоялось открытие Недели “Тіл - ұлы байлық”, ко Дню языков народов Республики Казахстан. В целях повышения уважения учащихся к языку, воспитания патриотизма, информирования о празднике языков среди учащихся начальных классов был организован флешмоб. Сначала была рассказана история возникновения праздника языков и заданы вопросы о том, что ученики знают об этом празднике. Учащиеся слушали песни и находили. Угадавший ученик выбрал понравившийся ему шар и зачитал всем ученикам пословицу и поговорку о языке, висевшем на этом шарике. Данное мероприятие достигло своей цели. Прозвучали песни и танцы на языках народов, проживающих в Республике Казахстан. Церемония открытия праздника языков прошла на высоком уровне и подарила школьникам отличное настроение.
#тілдеркүнісемей2022