Өңіріміздің қаһармандары
2019 жылдың 9 желтоқсан күні №20 ЖОББДО мектебінде Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің Әскери және Еңбек даңқы бөлімімен бірлескен «Туған жерге тағызым» атты көрме экскурсия ұйымдастырылды. Мұражай өкілдері оқушыларға 1941-1945 Ұлы Отан соғысына қатысқан Семей және ШҚО өңірінен шыққан жерлестеріміздің өмірбаяны мен ерліктері туралы әңгімеледі. Көрмедегі заттар мен суреттер бойынша ақпарат беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Бұл іс-шараның мақсаты: оқушыларды өңіріміздің қаһармандарымен таныстырып, өз отандас жерлестерімізге, аталарымызға ҰОС кезінде Елімізді, жерімізді қорғап, фашисттік Германияның құлдығынан аман алып қалғаны үшін тағызым ету.