18
август
2021
"Мектепке жол" акциясы
2021 жылдың 1 шілдесінде басталған «Мектепке жол» ауқымды республикалық акциясының аясында, Семей қаласы маслихатының депутаты Кисаменов Айдос Актанбердыевич көмегімен «№20 ЖОББДОМ» КММ-нің екі оқушысы Білім күнін мектеп жинағы бар сөмкелермен және оқу құралдарымен қарсы алды.Акцияның мақсаты - оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету.
Айдос Актанбердыевичекі оқушыны мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Бұл -мектептің қалалық маслихат депутаттарымен бірнеше жыл бойындағы тығыз байланысының жемісі. Семей қаласы маслихатының депутаты ата-аналар мен оқушыларға игі бастама өз жалғасын табатындығын жеткізді.Сыйлықтарды тарту барысында оқушыларға тілектер айтылып, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.