Аққала жасалды, мереке басталды!







Міне, көптен күткен қыс мезгілі де келіп жетті. Қалың қар, ызғарлы жел, қатты аяз... балаларды тек қуанта түсті. Сабаққа келгенше, сабақтан қайтқанда жол бойы қар атысып, мұз айдынында сырғанап, қысқы қалашықтың мүсіндерін жасап, мерекелік шыршаның қасында Аяз ата мен Қаршақызға ән салып, өлең айтудан жалықпайтын сияқты!
Осының бәрін ескере отырып, мектепте тәрбие жұмысының орынбасары тәлімгер мен сынып жетекшілер командасымен оқушыларға келесідей іс-шаралар жоспарлап, қызықты өткізуге тырысты:
- мектептің және «Олимп» аула клубының спорт секциялары жаттығуларын жалғастырды;
- 26 желтоқсан айы «Ертіс» мұз айдынына мектеп оқушылары ата-аналарымен сырғанауға барды;
- «Әлем» кинотеатрында түрлі ойын киносын көруге барды;
- мектеп фойесінде «Тарихи өлкетану» үйірмесінің жетекшілері В.А.Боровинский мен А.А.Димухаметов дайындаған «Жаңа жылдық ойыншықтың тарихы. Жаңа жылды тойлау қай кезеден басталды» атты презентациялық көрме ұйымдастырылды;
- Өлкетану мұражайы және Ф.М.Достоевский атындағы әдеби мемориалдық үй-мұражайына барды;
Сонымен қатар, мектепте каникул кезіндегі қосымша сабақтар жүргізіліп, мерекелік шыршаның шаралары өткізілді.
Көп балалы, аз қамтылған отбасылардағы балалар арнайы қала (Жеңісбек Айзере, 3 «Ә», Абдуллаев Богдан, 3 «Б» сыныптарынан), облыс (Баянжанова Адия 4 «А» сыныбынан) әкімдердің және «Нұр Отан» партиясының мерекелік шыршаларына (6 оқушы) барып келді. Барлық бала риза болып қайтты.