Өзін-өзі тану онкүндігі

"20 ЖОББДОМ" КММ «Өзін-өзі тану: Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» республикалық декада аясында аясында өткізілетін іс-шаралар 3 ақпанда мейірімді, адал, әдепті болуға бағытталған салатанатты жиыннан басталды.
Сонымен қатар бұл күні «Мейірімді сөздер жүрекке жылы» атты акция басталған болатын. Мектеп фойнсінде жапырақтарында оқушы, ата-ана және ұстаздар бір-біріне арнап жазған мейірімді тілектер ағашы «өсті».
510 адамға жуық, 1-11 сынып оқушылардың ата-анасылар арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама мақсаты: балаларының дамуына қатысты ата-аналар пайдаланатын әдіс-тәсілдерді анықтау. Сауалнама қорытындысы: балалары оқуп жүрген, мектептің жұмысына қанағаттану, ата-ана тәрбиесінің мектептегі әдістермен тығыз байланыста болуы.
2020 жылдың 3 ақпаны күні 1-ші қабатта өзін-өзі тану сабағы кезінде жасалған «Өмір, мен сені сүйемін!» атты (А3 форматтағы) плакаттар стендісі безендірілді.
Бұл ісі шараның мақсаты: бірлескен шығармашылық шеберханалардағы шеберлік іс-әрекеттер арқылы оқушылардың шығармашылық потенциалынын дамыту; шығармашылық ортада қиялдарын, ой-өрісін дамыту; балалар арасында толеранттық және өзара кол үшін беру, достық, махаббат пен меірімділік қасиеттерін тәрбиелеу.
2Ә, 3Ә, 4Ә, 5Ә сыныптарында 5 ақпан күні «Менің жүрегім махаббат пен мейірімділікке толы» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Байқау мақсаты: еліміздегі адамгершілік пен рухани тәрбиесіне үлес қосқан, Қазақстанның Түңғыш ханымы, «Бөбек» Фондының Президенті С.А.Назарбаеваның қайырымдылық іс-әрекеттерін насихаттау.
Байқау қорытындысы: I орын - Серік Саянұр, 2 орын - Талантқызы Нұрай, Абдрахманов Жәнібек, 3 орын - Абдрахманова Іңкәр, Жайлауғали Заңғар, Салюмбек Бағдәулет. Қалған оқушылар «Жас талант», «Жас өркен», «Шебер оқылым», «Көрермен көзайымы» номинациядарымен мараппатталды.