Қалалық шеберлік сағаты
20.01.2021 ж. жетекші болып келетін №19ЖОББМ жоспары бойынша магниттік мектептердің арасында «№20 ЖОББДОМ» КММ «Мектептің әдістемелік жұмыс жүйесі арқылы жас мамандардың кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында Қалалық шеберлік сағаты өткізілді. Іс-шара жас мұғалімдер мен еңбек жолын енді бастаған мамандарды жетелейтін тәлімгер- ұстаздарға арналған болатын.
Бағдарламаның бірінші бөлімінде директордың ҒӘЖ (ғылыми-әдістемелік жөніндегі) орынбасарлары Абышева Б.Б.мен Жаирбаева А.К. жас мамандармен жұмыстың мазмұны мен мектебіміздегі ЭПН (эталон – потенциал – жаңадан келген ұстаздардың) мектепішілік білім жетілдіру жүйесінің ерекшелігімен таныстырып кетті.
Шеберлік сағаттың екінші бөлімінде жас педагогтардың іс тәжірибесінен алынған жұмыстары ұсынылды. Мұнда оқуға қатысты материалдармен қоса («Шақыру (қызығушылықты ояту) кезеңінің мысалдарының орындалуы”, «Кешенді құралдары бар қосымша оқу платформалары», «Оқушыларды олимпиадаға дайындау тренажёрлары»), сабақтан тыс өткізілетін («Жобалау жұмыстары - оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту құралы ретінде», «20 мектептің қарақшылары» - оқушыларды ақпараттық коммуникацияға қосылуының ықпалы») іс-шаралардың жұмыс түрлері көрсетілді.
Шеберлік сағатқа мектептің ең ізденісте жүретін, позитивті және талапты педагогтары қатысты: Шаймарданова А.Р, Адылбекова Д.Т., Мазанбекова Г.Р., Калиева К.Ю., Вострикова А.А.



